"Өзінен сұраңыздар": Білім министрі орынбасары туралы сұраққа жауап бермеді
Білім министрі журналистерге жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орынбасары Фатима Жақыпова үшін жауап бергісі келмеді. Ол тілшілердің орынбасары жайлы сұрағына мәнді жауап қатудан бас тартып, журналистерге «оны өзінен сұраңыздар» деп, қаша жөнелді.
Естеріңізге сала кетейік, вице-министр Фатима Жақыпова ғылыми дәрежені заңсыз иеленді деп айыпталған еді. Кейіннен оған қарсы қазақстандық сенаторлар көтерілген. Бұған қоса ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты орнынан босатылған еді.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан