Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіне қол салуға мәжбүр болуы мүмкін: "Қазақмыс" ұйымында орын алған кикілжің жайлы жаңа деректер айтылды

Қарағанды облысының прокуратурасы "Қазақмыс" ұйымында болған оқиға жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

марқұм

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз-қызметі хабарлады.

"21 қаңтар күні "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-де ұйымның бас директоры Амагелді Мініғұловтың кабинетінде кәсіподақ төрағасы Тоғызбай Тәжбенов пен мекеме басшысының арасында кикілжің орын алған. Корпорация қызметкерлері жедел жәрдем мен полиция шақыртқан. Оқиға орнында пышақ жарақатын алған Мініғұлов А.М. және Тембаев С.А., бұған қоса Тәжбенов Т.А. мәйіті анықталды. Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілді", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар прокуратура қызметкерлері аталған оқиға бойынша соталды екі тергеу ісі басталғандығын жеткізді. Бірінші іс "Адам өміріне қастандық жасау", екіншісі "Өзіне қол салуға мәжбүрлеу" фактілері бойынша қозғалыпты. 

"Тәжбенов бастықтың кабинетіне тапанша алып кірген. Ол қарумен бір рет атыпты, бірақ одан ешкім жарақат алмаған. Кәсіподақ төрағасының қару алып келгендігі бейнебақылау камералары растап отыр. Тапанша заттай айғақ ретінде тәркіленді. Оқ атылғаннан кейін үш азамат та пышақ жарақатын алған. Тәжбеновтың өліміне қатысты екі түрлі болжам жасалып отыр: адам өміріне қастандық ұйымдастыру және қол салуға итермелеу. Ал Мініғұлов пен Тәжбеновқа қатысты істе қастандық жасау фактісі бойынша іс жүргізілуде", - делінген баспасөз-хабарламасында. 

Сонымен қатар іс бастапқы фазада екендігі айтылды. Сол себепті алдын ала бірнәрсені шорт кесіп айту мүмкін емес дейді прокуратура қызметкерлері. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін "Қазақмыс" мекемесінің директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалғаны жайлы айтылған еді. 

Талқылау