Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіне қол жұмсады дегенге сенбеймін": Грузияда көз жұмған бойжеткеннің анасы қызының мәйітін көруге келді

Тбилисиде көз жұмған Әсел Айтбаеваның анасы Грузияға келді. Ол қызының өзін қол салуы мүмкін емес екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Грузияға сілтеме жасап. 

анасы

Айсұлу Айтпаева қызының өлтірілгеніне сенімді. Ол қызының мәйітін көріп, тұлғасын растау үшін Тбилисиге келген. Бұған қоса, қазақстандық әйел істің мән-жайымен танысқысы келетінін жеткізді. 

"Менің қызымды терезеден итеріп жіберді деп ойлаймын. Ол өзіне қол салатын адам емес еді. Қызым бес күн бұрын Грузияға жұмыс істеуге келген еді. Әсел күдіктімен осы елде танысқан, екеуі бірігіп жұмыс істеулері керек болған. Менің күйеуім де Грузияға келуі қажет еді, бірақ оның құжаттары дұрыс болмай қалды", - деді Айсұлу Айтпаева. 


"Күйеу балам жазалануы үшін бәрін істеймін": Грузияда мерт болған қазақстандық қыздың анасы пікір білдірді


Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.  

Талқылау