"Өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған": Алматыда жасөспірімдерді тонап кетті
Алматыда жалған полицейлер жалғыз жүрген жасөспірімдерді тонаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, үш адамнан тұратын қылмыстық топ Баум тоғайында қолға түсті. Олар сол жерде күні бойы қылмыстық әрекет жасап келген.
"Күдіктілер жалғыз жүрген жасөспірімдерге "өзін полиция қызметкеріміз" деп таныстырған, оларда полицейдің нысанды киімі мен қызметтік куәлігі болмаса да, жасөспірімдерден ұялы телефон мен басқа да гаджетін алып кетіп отырған. Қазір күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олардың біздің ауданда ғана осыған ұқсас ондаған эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды", - деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Сонымен қатар, ол осы қылмыстық топтың құрбаны болған қала тұрғындарына полицияға хабарласуға шақырды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты