Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімді көп нәрседен шектедім": Салтанат Бақаева салмақ тастаудың құпиясын бөлісті

Танымал актриса, “Арнау” тобының әншісі Салтанат Бақаева бірнеше келі салмақ тастағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/saltanat_bakayeva/

Өнер иесі жеке парақшасында салмақ тастай алмай жүргенін айтып жылаған еді. 

“Қыздар, арықтау процесіндегі ең маңыздысы – тұрақтылық. Егер бір күн режимнен шығып кетсеңіз бастаған ісіңізді тастап кетпей, келесі күні қайта жалғастырыңыз. Екінші мәселе: тамақ жеп жүрген ыдысыңызды кіші ыдысқа ауыстырыңыз! Ең бастысы денсаулығыңызға зияны тимейтін жол іздесеңіз болды. Ешқандай дәрі, БАД дегенге сенбеңіз! Азудың бір ғана жолы – тамақты азайту, қозғалысты көбету. Мейлі ол 10000 қадам болсын, спорттың бір түрі болсын, бастысы күнделікті үзбей жасайтын болсаңыз міндетті түрде мақсатыңызға жетесіз”, – деп кеңес айтты актриса. 



Сонымен қатар өзінің қалай салмақ тастағанын да бүкпесіз баяндап берді. Алайда күш-жігеріңіз мықты болса ғана тәуекел ету керегін де еске салды. 

“Әдетте мен арықтау процесін бастағанда өзімді көп нәрседен шектеп тастайтынмын. Есесіне бір-екі күннен кейін, өзімді ұстай алмай аттың басын жіберетінмін. Бірақ бұл процесте басқа жол таңдадым және сол жол мені мақсатыма жеткізді. Желтоқсан айының басында артық салмақпен күрестім. 
Сол кезден бастап күнделікті жейтін нормамды ақырындап азайттым. 2 апта сайын бірнеше тағамдардан бас тартыңыз. Мысалы, мен қанттан бастадым!Ешнәрсеге қант қоспаймын және тәтті сусындар ішпеймін. 2 аптадан кейін нан мен ұн өнімдерінен бас тарттым. Ақырындап өзімнің арықтау әдіс-тәсілім қалыптаса бастады. Тағы да айтқым келеді, қыздар, ерік-жігерлерің мықты болуы керек. Сонда ғана көздеген мақсатқа жетеміз”, – дейді өнер иесі.

Еске салайық, эстрада жұлдызы ата-енесімен қарым-қатынасы туралы шындықты 

Талқылау