"Өзімді қыздай сезініп тұрмын": Наркенже Серікбаева пластикалық ота жасатты
Фото: Stan.kz
Танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева пластикалық ота жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі көзінің астындағы артық теріні алып тастаған.
“Көзілдірігімді тағып алып, әнімді айтып жүрмін. Өзіме өте ұнады. Өзімді жас қыздай сезініп тұрмын", – деп су жаңа бет-әлпетін көрсетті әнші.
Еске салайық, әнші Наркенже Серікбаева филармония басшысының "Алдыма отыр, сені иіскеуім керек" деп тиіскенін ел алдында жайып салғанын жазған едік.
“Филармония басшысы Ғ мырза маған қаншама қысым көрсетіп, киімің жоқ деген сылтаумен концерттен шеттетті. Ұят та болсын айтайын, "менің алдыма отыр, мен сені иіскеуім керек" деген сыңайдағы әңгімелердің бәрінен өтіп келемін. Құрметті әкім мырза, осыны қолға алыңызшы. Жалғыз мен емес, қазақтың қаншама қызы сондай басшылардың қол астында кетіп жатыр. Филорманияда қанша жыл жұмыс істедім, бұл екі кісі басшы болып келмей тұрып, мұндай әділетсіздік көрген емеспін! Енді осы жолы шығатын жеріме дейін шығамын. Шындықты айтқаным үшін, махаббат құрмағаным үшін көріп келе жатқан қысымым бүгін шегіне жетті", – деп жылаған еді дәстүрлі әнші.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
