Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімнің туғым келіп кетті": Нұрболхан Шарапов Түркияның перзентханасын көрсетіп, елді таңғалдырды 

Егіз қыздардың әкесі Нұрболхан Шарапов Түркияның перзентханасын көрсетіп, таңғалғанын жеткізді. Ондағы сервис пен жаңа босанған ана мен балаға жасалған жағдайға қарап, желі қолданушылары да таңдай қақты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Түркияның перзентханасынан бәрін күтуге болады ғой. Бірақ мынадайды күтпедім. Не мынау? Перзентханада осындай алып келе ма? Мынау романтикалық кешкі ас қой. Біздің әйел туды ма әлде демалыс орнында жатыр ма? Менің туғым келіп кетті ғой мына жерде", – деп қалжыңдады әзілкеш палатадан видео жариялап. 

Сондай-ақәзілкеш Түркияға жұбайын босандыру үшін бармағанын айтты. Айтуынша, егіз болғандықтан, толғақ аяқ асты келген. 

"Мында туу үшiн келген жоқпыз. Демалысқа келгенбiз. Дәрiгердiң айтуынша, егiз болғаннан кейiн толғақ ерте ұстап қалуы да мүмкiн. Солай болды дедi. Адамның емес, Алланың дегенi болады ғой. Алла қалады, қыздарым Ыстамбұлда дүниеге келді .

Сосын, комментке жазғыштар, ештеңенi бiлмей боқтанып, қарғанып жаза бермеңдершi. Хотя, сауабы бiзге, күнәсi сiзге екенiн бiлем. Сауап керек бәрiмiзге. Бiрақ ескертiп жатқаным ғой. Шіли, күнәһар боп кетпейiкшi деп. Өмiр тамаша ғой сүре бiлген адамға. Сен жазғаннан менiң бiр жерiм қыңқ етпейдi.



Бiреудiң баласы дүниеге келсе де боқтанып, қарғанып отыратын болыпсыздар ғой. Неге шіли ондай боп кеттiңiздер? Менiң оқырмандарым емес, басқа жаңалық жазған пабликтердiң оқырмандарын айтам да. Сол жаңалықты шығарған посттардың астын оқып шыққаннан кейiн жазғаным ғой. Сiздерге де жұғысты болсын осындай бақыт.

Айтайын дегенiм, мынау – роддом палаталары. Ресторанда туғандай болды ғой бiздiң хатун. Шатасып кеткен шығар, басқа бiреудiң тамағын бiзге әкелiп қойды десек, үстел үстiндегi қағазға хатунның атын жазып қойыпты", – деп жазды Шарапов.

Талқылау