Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзім әлсіздік таныттым": Бүркіт Аишаның не себепті қазақша сөйлемейтінін түсіндірді

ҚР Мәдениет қайраткері, танымал әнші Бүркіт жолдасы Аишаның әлі күнге дейін қазақша сөйлемейтінін “ХабарLike” бағдарламасында айтып берді.

Фото: https://www.instagram.com/aisha_vee/

Өнер иелерінің шаңырақ көтергендеріне – 15 жыл. 

“Міне, тағы тіл үйрену туралы сұрақ алдымыздан шықты. Мен әлсіз болып тұрмын. 10 жылдан астам уақыт бірге келе жатырмыз. Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді. Бір жылдан бері ата-анамызды қолымызға алдық. Олар таза қазақша сөйлейді. Балалардың да тілі қазақша шықты. Аиша қазақ тілін балаларынан үйреніп жүр. Кейде әкем орысша сөйлеп қояды. Сондай кезде тыйып тастаймын. Бірақ Аишаның өзіне қысым көрсетіп, талап етпеймін”, – деді Бүркіт. 



Сонымен қатар өнер иелері есімдері туралы да айтты. 

“Шын есімім – Айбек, ал Аишанікі – Виктория. Аиша ислам дінін қабылдаған соң осы есімді өзі таңдап алды. Осы уақытқа дейін Виктория деп хабарласатын адамдар көп. Маған Аиша есімі қатты ұнады. Осыны өзім таңдадым", – деді өнер иесі. 

Еске салайық, Бүркіт пен Аиша несиеге көлік алатындарды сынағанын жазған едік. 

Талқылау