Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзгенің күнәсін арқалаушы көп": Ерке Есмахан ерекше жазбасымен көпшілікке ой салды

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан оқырманға ой саларлық жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі жеке парақшасында үнемі 5 мың теңге тарататыны туралы айтқан. 

"Жақсы сөз өзіңе айналып келеді.
Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады
Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады.
Жақсы сөз – жақсы энергия.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Бір жағынан, аяқ асты несібе.

Ал әркімге жаман сөз жазып, өзінің және өзгенің күнәсін арқалаушы ғаламторда онсыз да толып жатыр. Кезінде 5k-ны адамдарды жақсылыққа шақыру үшін өзім ойлап тапқанмын. Сол үшін комментте 3 рет 5k бар", – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі күйеуі мен анасының қарым-қатынасын да оқырмандарына көрсетіп, үлгі алуға шақырды. 

“Мама мен Райм ылғи не әңгіме айтып отырады екен деп тыңдап көргенмін ғой. Райм – тыңдаушы. Маманың бүкіл өмірбаянын біледі. "Айттым ба?" дейді. Райм "иә, айттыңыз" десе де, қайтып айтып отырады. Жаным анашым, жүз жасашы", – деп жазған еді Ерке Есмахан.

Айта кетейік, Ерке Есмахан Парижден алған бренд заттарын көрсеткен еді. 

Талқылау