Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзге баланың екі қолы салынған балақай бейсбол ойнауды үйреніп жүр (фото)

2015 жылы маусым айында америкалық балақай Зион Харвиге екі қолы қайтадан салынды. Бұл медицина тарихындағы сирек оқиғаның алғаш орын алуы. Сол уақыттан бері зулап екі жыл өте шықты. Қазір 10 жасар Зион бейсбол ойнап жүр.

_96988445_zion3

Ол қазірдің өзінде қасық ұстап, қаламсаппен жазып, өз бетінше киіне алады. Ал жақында ол бейсбол таяғын ұстап үйренді. Дәрігерлер де Зионның тез бейімделіп келе жатқанын айтып, қуанып отыр.

Олардың сөзінше, баланың миы донордан алынған қолды басқаруға толық бейімделіп, оны өзінің туа бітті қолдары секілді қабылдай бастаған. Мұны неврологиялық тест қорытындысы да растаған.

_96988442_zion6

Зион екі жасында қатты ауырып, инфекция пайда болып, дәрігерлер оның екі қолын шынтағынан, және екі аяғын кесуге мәжбүр болған. Баланың бүйрегі істен шығып, өлім қауіпі туындаған.

Екі жыл бүйрек диализімен емдегеннен кейін, оған анасы Патти Рэйдің бүйрегі салынады. Ал тағы төрт жыл өткен соң, оған Балтиморда қайтыс болған баланың қолдары салынады. Бұл жағдай бойынша Зион өзгенің қолы салынған ең жас емделуші болған.

_96992550_20140718_02

Емделуші талап бойынша өмір бойы арнайы препараттарды қабылдап отыруы тиіс. Ол салынған мүшенің айнып кетпеуіне мүмкіндік береді. Бірақ, ондай препараттар адам организмі үшін үлкен қауіп тудыруы да мүмкін. Өйткені, өзгенің дене мүшесін орналастыру бұл медицинадағы үлкен тәуекел болып саналады. Дәрігерлер Зион алдағы қиындықтар мен кедергілердің барлығын жеңіп шығады деп санайды.

_96984642_zion5

Зион ондай препараттарды бүйрек салынғаннан кейін де қабылдаған. Оны бір жарым жыл бойы бақылаған дәрігерлер, балаға қолдың салынуы балаға үлкен пайда әкеліп жатқанын айтып таңғалған.

Оқи отырыңыз:

Қытай жігіт өз қолымен суперкар құрастырып шықты (фото)

Швейцарияда мұздықтан 75 жыл бұрын жоғалып кеткен ерлі-зайыпты жұп табылды (фото)

Дәрігерлер суға батып, 2 ай комада жатқан қыздың миын қалпына келтірді (фото, видео)

Танымал үндістандық тележүргізуші үстіне пальма ағашы құлап кетіп көз жұмды (видео)

Талқылау