Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстандық имам ер адамдардың гинеколог болып жұмыс атқаруына қарсы шықты

Ташкенттегі Мырза Юсуф мешітінің имамы, Ташкент ислам институтының мұғалімі Рахматулло Сайфуддинов ер адамдардың гинеколог болып жұмыс істеуіне қарсылық білдірді.

pic_3be6a490d324729d3f6c4dcd104134c1

Бұл туралы AsiaTerra хабарлайды.

“Мұндайды қою керек. Осындай ұят әрекетпен біз қайтадан тоталитаризм заманына бара жатырмыз. Ол уақытта біз біраз ұлттық құндылықтарымыз бен беделімізден айырылдық. Мұны өзгерту біздің биліктің қолында болмады. Сол себепті ер адамдардың гинеколог болуы қалыпты жағдайға айналып кетті,” – дейді имам.

Ол кеңестік жылдарда Өзбекстандағы билік ер адамдардың “қолы жеңіл” болады деген де ұғым тудырыпты. “Қазір біз тәуелсіз, еркін елміз ғой. Ұят, ар деген нәрселер болып, біз мұндай лас іске тыйым салу керекпіз”, – деді ол.

Өзбекстан билігі елдегі діни жағдай мен азаматтардың құқығын қатаң қадағалайды. Олар елдегі музыкалық ахуалға да жіті мән беріп, қатаң сүзгіден өткізеді.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан президенті өзінің мұрагері туралы айтып берді

Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Талқылау