Өзбекстандық ерлі-зайыпты Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болды
Алматыда полицейлер ерлі-зайыптылардың жаңа туған баланы сату фактісін анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматыда полиция Өзбекстан Республикасының азаматтарының жаңа туған баланы Жамбыл облысының тұрғынына сату фактісін анықтады", - деді Нұрділдә Ораз брифингте.
Ол сондай-ақ Маңғыстау облысында еңбекке жегу фактісі анықталғанын, онда шаруа қожалығының басшысы физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, 59 жастағы ер адамды мамырдан маусымға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартқанын айтты.
"Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Адамдарды сату саласындағы қылмыстарды анықтау, жеңгетайлық және адамдары ұрлау қылмыстарын анықтау жұмыстары жалғасуда", - деп атап өтті Нұрділдә Ораз.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”