Өзбекстандық әлем чемпионы қазақстандық боксшымен финалдық жолдаманы сарапқа салудан бас тартты
Фото: Boxingkazakhstan
Дубайда IBA ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында 75 келіде бақ сынаған Сабыржан Аққалықов біріншіліктің ақтық сынына тікелей жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сабыржан Аққалықов жартылай финалда өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоевпен жұдырықтасуға тиіс болған еді.
Алайда қарсыласы қолындағы жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша Аққалықов тікелей ақтық cынға жолдама алды.
Айта кетейік, Сабыржан Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы сәтсіз өнерінен соң жанкүйерлерге ауыр сөздер айтамын деп, сынға ұшыраған еді.
Ал Семейде өткен ел біріншілігінде ерлер арасында үздік боксшы атағы дәл осы 23 жастағы қарағандылық Сабыржан Аққалықовқа бұйырды. Ол қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, финалда да сенімді жеңіске жетті.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

