Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстандағы Қазақстан елшілігіне бөлінген ақшаны жымқыру: Экс-елші мен жауапты хатшының ісін сот қайта қарайды

Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі ғимаратының құрылысына қатысты іс жаңадан сот талқылауына жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов мәлімдеді.

2020 жылғы 18 қыркүйектегі сот үкімімен сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген болатын. Сонымен қатар, Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Ерік Өтембаев пен мердігер ұйымның директоры Б.Нұрекенов кінәлі деп танылды. 

Бүгін істі жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қайта қарады.

"Кассация істі қарап, сотталғандарды ақтауды сұраған қорғаушы-адвокаттарды, істі жаңадан сот талқылауына жіберуді ұсынған прокурорды тыңдап, мынадай қорытындыға келді. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот тергеуі біржақты және толық емес жүргізілді. Айыптау қорытындысына сәйкес, Қарашев, Өтембаев және Нұрекенов Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің құрылысы бойынша аяқталған жұмыс актілеріне қол қойып, нәтижесінде 53 миллион теңге залал келтірген",  – дейді Айдос Сәдуақасов.

Бірінші сатыдағы сот сараптамада ескерілмеген 53 миллион теңгенің материалдары мен мердігер шотындағы ақша қалдықтарын есептемегенде, 22 миллион теңге залалды деп танығаны атап өтілген.

Бірақ бұл ретте тергеу органдары мен сот кейбір мән-жайларды анықтамаған.

Сондықтан сот алқасы залалдың фактісі мен сомасы туралы сұрақтарды тексеру қажет деген қорытындыға келді. Кассация бұрынғы сот актілерінің күшін жойды, іс апелляциялық сатыға жаңадан сот талқылауына жіберілді.

Талқылау