Өзбекстанда тоқал алған ер адам сотталып кетті
Өзбекстан азаматы екінші әйел алғаны үшін бір жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: pixabay.com
2016 жылы діни жолмен екінші әйел алғанға дейін, сотталған азаматтың екі баласы мен әйелі болған.
Сот кезінде ол “заңды некедегі әйелі ауырып, оған ұл туып бере алмайтын жағдайға түскендіктен екінші әйел алғанын” айтқан.
Екінші әйелі 2018 жылы ұл туып берген. Сондай-ақ, ер адам өзінің айыбын мойындайтынын, екі отбасына да бірдей жағдай жасап отырғандығын айтқан.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда көп әйел алуға тыйым салынған.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды