Өзбекстанда бояу тиелген жүк көлігі аударылып, артынша жарылып кетті
Өзбекстанда лак-бояу материалдары тиелген жүк көлігі аударылып, артынша жарылып кетті. Салдарынан 6 адам зардап шегіп, жүргізуші көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы Ташкент-Ош халықаралық тас жолында болған.
"Бүгін сағат 11:10 кезінде "Ташкент – Ош" халықаралық тас жолының Қамшық асуына түсетін 259-шақырымында жүк көлігі мен 3 жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан лак-бояу өнімдері тиелген жүк көлігі жанып, жарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және құтқару жасағы оқиға орнына дереу жетіп, 25 минутта жалынды сөндірді. Өрт толығымен сөндірілгеннен кейін жүк көлігінде жүргізуші қаза тапқаны белгілі болды", – делінген Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Оқиға салдарынан зардап шеккен 6 адам жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілген.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
