Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан әуе қорғанысы Ауғанстан әуе күштеріне тиесілі ұшақты атып түсірді

Елдің Өзбекстанмен шекаралас аймағында апатқа ұшыраған Ауғанстан әскери-әуе күштерінің ұшағы шекарадан өтпекші болғанда әуе қорғанысы жүйесімен атып түсірілген. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орын алған күні өзбек билігі Ауғанстандық ұшақтың Сурхандарья облысының Шерабад ауданында шекараны бұзып, апатқа ұшырағанын растаған. Бұл жағдай 15 тамыз күні болды.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайдан кейін Ауғанстанның екі азаматы ауруханаға түскенін мәлімдеді. Әскери бөлім қазір ұшақтың қайда және не үшін ұшқанын анықтап жатыр.

Басылымның дереккөзі ауғандықтардың парашютпен секіргенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды толық басып алғанын жариялады. Президент Ашраф Гани елден қашып кетті. Әскерилер сонымен қатар барлық шекара бекеттеріне бақылау орнатқан, енді ел шекарасынан тек ұшақпен кетуге болады. Алайда, Ауғанстан азаматтық авиация басқармасы (ACAA) барлық коммерциялық рейстерді тоқтатып сонымен бірге транзиттік ұшақтарға ел аумағын айналып өтуді ұсынған. Кабулдың әуе кеңістігі тек әскерилер үшін ашық.

Бұған дейін, Кабулдан ұшып шыққан ұшақтан бірнеше адам құлап көз жұмғаны хабарланған болатын.

Талқылау