"Өзара келіскен": Павлодарда екі жеке меншік фирма мемлекетке 405 миллион теңге шығын келтірді
Павлодар облысының прокуратурасы "Павлодар қаласының сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту және сенімді басқару" мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асыру кезінде екі жеке меншік ЖШС директорларының 405 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыс прокуратурасы осы заңды тұлғалардың директорларымен кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процессуалдық келісім жасасып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сот үкімімен жоғарыда аталған адамдар кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (шартты түрде). Қазіргі уақытта жеке меншік фирмалар жеткіліксіз жабдықты орнату арқылы орын алған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауда.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді