"Өз еркі – өзінде": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірді
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жұбайы Нұртас Айдарбековпен дуэт жаздырып, жеке парақшасына жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөз
PR саласының белді өкілі жұлдызды бала-келіні Қайрат пен Жұлдызға қатысты сұрақтарға жауап берді. Желі қолданушылары әлі күнге дейін Димаш пен Қайратты не үшін салыстыратынын сұрады.
“Сол бұрмалап айтқан монтаждалған өсекті жазып қоймайды екенсіздер. Елге хайп керек, ютубтарға оқырман керек. Димашты біз де бүкіл әлем де жақсы көреді. Ата-анасымен де араласамыз, ниетіміз түзу. Қалғаны өсек қана. Күндестің күні қараңғы, соңымнан еріп әлі жүр демекші, өсек не десеңізде. Бір айтқан сөзім, салыстырып тиісе берген соң, Қайрат Димаш бола алмайды, ал Димаш Қайрат бола алмайды дегенмін, ол рас, сөзге түсінер адам болса бұрмалап алмай, тіптен сіз де мен бола алмайсыз, ал мен сіз бола алмаймын, әр адам жеке тұлга. Біреуге ұқсауға міндетті емес, әр жанның өз әлемі өз өмірі бар. Құдай бүкіл пендесін өз ерекшелігімен жаратқан, тіптен бір ана бір әкеден туса дағы. Құдай миллиард адам болса, соның бәрін бір-біріне ұқсатпай жаратқан, бір уыс бетінің өзін, ол – Алланың шеберлігі. Бәйге аттың алар орнын көкпар аты атқара алмайды, ал көкпар аттың қызметін бәйге аты орындай алмайды, тура сол сияқты. Димаш әлемдік жұлдыз ал Қайрат – хит зауыт, 18 жыл сахнада болса, бір хит әнімен қалып қойған жоқ, сол жылдардың бәрі жылда әндері хит, оған ешкімнің таласы болмасын. Алланың берген бағымен таласыңыз болмасын”, – деп жауап берді продюсер.
-
"Мамасының баласы" деп мұқатады": Гүлзира Айдарбекова халыққа үндеу жасады
-
"Бұл жолы гипс немесе ота": Жұлдыз Әбдікәрімова екінші ұлының денсаулығына алаңдайтынын жеткізді
Сондай-ақ келіні Жұлдыздың да жағдайын біліп, араласып тұрасыздар ма деген сұрақты та жауапсыз қалдырмады.
“Қалай жүрсе де, өз еркімен жүр. Уайымсыз болыңыз. Ешбір қыздан да келіннен де кем болып жүрген жоқ. 40-қа жақындап қалды. Еркі – өзінде, бәрі қолында тұр”, – деді Гүлзира Үсенқызы.
Еске салайық, өнерлі отбасының үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға ауруханаға түсіп қалған еді.