Атырауда 10 жастағы баланы тоңазытқыштың тоғы соғып, көз жұмды
Атырау қаласындағы ықшам аудандардың бірінде үй ішінде ойнап жүрген 10 жастағы бала тоңазытқыштың артына тығылып қалған. Тоқ соққан бала тілге келместен, оқиға орнында ажал құшқан, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

“Әжесі хабарласып, немересінің көз жұмғанын хабарлады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері баланың қаза болғанын растады. Мүрдеде жарақат жоқ”, - деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Баланың денесі сараптамаға жіберілді. Тексеру амалдары басталды. Айта кету керек, 20 қазан күні Атырауда кішкентай қыз алтыншы қабаттан құлап, қаза тапқан болатын.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"