Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оттегі тапшылығынан": Атырауда су арнасынан жаппай қырылған балықтар табылды

Атырау каналдарында жаппай қырылған балықтар пайда болды. Мамандардың болжамынша олардың қырылуының себебі суда оттегінің жетіспеуінен болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото инспекциядан

Балықтар қала маңындағы Еркінқала ауылынд тіркелген. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, балық су арнасына түсіп кеткен. 

"Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, осы ақпаратты тексеру үшін тартылған мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын комиссия оқиға орнына барды. Келгеннен кейін ақпарат расталды. Каналдағы судың температурасы 29 градус, оттегі мөлшері 2 мл/дм3. Өлген балықтың жалпы салмағы-69,4 килограмм",- делінген инспекция хабарламасында. 



Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды. 

"Балықтың өлімінің болжамды себебі – судағы оттегінің жетіспеушілігі. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитарлық нормаларды сақтай отырып, өлген балықты жинау және оны кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар жүргізілді",- деп толықтырды инспекция. 

Айта кету керек, балықтар оттегінің концентрациясы 4 мл/дм3-тен төмен болған кезде өледі. 

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысының Қызылқоға ауданында көлде балықтардың белгісіз себепте қырылғанын хабарлаған едік.

Талқылау