Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отставкаға кетсін": Блогерлер Жандарбек Бекшиннің ведомствосында шу шығарды

Блогерлер Жанар Құсайынова мен Ринат Кибраев оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин отыратын Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне барды.

YouTube-тегі LIFE KZ арнасында ерекше рейдтің видеосы жарияланды.

Блогерлер ведомствоның ішіне кіріп, әкімшілік ғимараттың қабаттарымен жүріп өтті, кабинеттерге кіріп, департамент қызметкерлерін камераға түсіріп, олармен сөйлесті.

Белсенділердің сөзінше, бұл сапардың мақсаты - Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан үнемі қойылатын шектеулер және бизнеспен айналысудың қиындауы. Блогерлер Бекшин зейнет жасына толуына байланысты отставкаға кетуі керек екенін айтты.

Ролик авторлары Бекшинмен кездесуге тырысты, бірақ ол кезде санитар дәрігер онлайн-жиналыста болды. Сондықтан келушілерді басшының кабинетіне кіргізбеді.

Эпизодтардың бірінде блогерлер санэпидқызмет ғимаратындағы дәретханалардың тазалығын сынға алды.

"Еден лас, жиіркенішті, сабын ыдысы лас, плиткалар жарылған, айналар жуылмаған", - дейді олар.

Соңында Департамент қызметкерлерінің бірі полицейлерді шақырып, тәртіп сақшылары келді. Осыдан кейін блогерлер бас санитар дәрігердің қабылдауына жазылып, келесі күні келуге келісті.

 

Талқылау