Өткен жылы қос азаматтығы бар 138 адам елден қуылған
2022 жылы қос азаматтығы бар 841 адам әкімшілік жауапқа тартылып, оның 138-і елден шығарылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өткен жылы қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттардың шешімімен 138 адам елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды. Соңғы 5 жылда азаматтық туралы заңнаманы бұзған 3 515 адам жауапқа тартылды. Оның 3 мыңнан астамына айыппұл салынды, 473-і елден шығарылды. Барлығының қазақстандық азаматтығы жойылды", - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Биыл өзінің азаматтығын жасырып, өзге елдің куәлігін алғысы келетіндер үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланған. Сондықтан заңнамалық актілерге түзетулер енгізілмек.
ІІМ өкілінің мәліметінше, қазір қос азаматтығы бар екенін жасырғаны үшін заң бұзушыға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе Қазақстан аумағынан шығарылады.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн