Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"4,1 млрд теңге керек болған": "Семей орманы" резерватына уәде етілген өртті алдын ала ескерту жүйесі орнатылмады

Экология министрлігі Абай облысындағы "Семей Орманы" резерватына өртті ерте хабарлау жүйесі орнатылмайтынын хабарлады. Үкімет аталған жабдықды орнатуға қаржы бөлуді қолдамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖД Абай облысы

"4,1 млрд теңге бөлу министрлік тарапынан қолдау таппады", – делінген ведомствоның 2024 жылғы 22 сәуірдегі хабарламасында.

Орман өртін ерте анықтау жүйесі өрттің нақты уақытын білуге және өрт сөндірушілерге ақпаратты жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүйе аумақты тәулік бойы бейнебақылаумен және түтін детекторлары арқылы, маңызды ақпаратты алу дрондарын ұшыруды қамтиды.

Былтыр қыркүйекте үкімет өртті ерте хабарлаудың жаңа жүйесі Семей орманына жақын арада орнатылатынын хабарлаған еді. Ал тамыз айында мемлекет төтенше жағдайлар министрлігі бөілмшесіне 71 ұшқышсыз ұшу аппараты мен 12 су бүрку құрылғысын сатып алуға өз резервінен 633 миллион теңгеден астам қаражат бөлді.

  • Материалдық-техникалық жарақтандыруға 5,4 млрд теңге;
  • Мемлекеттік орман қорын авиациялық патрульдеуге 7,7 млрд теңге;
  • Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шараларға 16,7 млрд теңге (Экономика министрлігіне 9,1 млрд теңге, әкімдіктерге 7,6 млрд теңге) бөлінген.

Еске салайық, 9 маусымда Абай ауданында 30 мың гектарға жуық аумақты шарпыған өрт шыққаны белгілі болды. Салдарынан "Семей орманы" табиғи резерватында болған ірі өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты

Талқылау