Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өткен өмірім үшін кінәлай берді": Айя Шалқар жеке өміріне қатысты екіұшты жазба жариялады

Қазақстандық модель, актриса Айя Шалқар жеке өміріне қатысты жазбасымен оқырмандарын алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aya_shalkar/

Айта кетейік, Айя Шалқар мен актер Асқар Ілиясовтың қарым-қатынасы туралы қауесеттер ақпан айында, модельдің туған күн кешінен кейін тарай бастады. Кейін жұлдызды жұп кездесіп жүргенін растаған еді. 

“28 жасқа дейін 11 жыл бойы өз-өзіммен, өміріммен және мансабыммен белсенді айналыстым, екі жоғары білім алдым, бүкіл әлемді шарлап, бес түрлі қалада өмір сүрдім. Бірнеше ай бойы терапиядан өтіп, қарым-қатынас құрдым (құдайға шүкір, бұл қарым-қатынас ұзаққа "бармады"). Себебі қарым-қатынасымда өткен өмірім үшін кінәлап, қандай киім киіп, қандай косметика қолданатынымды сынау арқылы өзіме деген сенімімді төмендетпек болды. Менің гендерлік мәселе, саясат және ғылым жайлы ойларыма күмән тудырмақ болды", – деп жазды Айя. 



Сондай-ақ отандық актриса қыздарға кеңес айтып, үндеу жасады. 

“Қыздар, өздеріңді күтіңдер! Жеке шекараңыздан асып жатқан жайттарды байқаған бойда бірден қашыңыздар! Сізге ешкім сенбесе де, ел алдында жүрген адам болсаңыз да, мұндай қарым-қатынасты доғару керек. Ұят болса да, кету керек. Сізде бәрі жақсы болады. Маған сеніңіз! Өзіңізге сеніңіз", – деп сырын ақтарды актриса. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Талқылау