"Отбасының мүшесі емес": БҰҰ конференциясында бірқатар елдің президенттері Лукашенкомен суретке түсуден бас тартты
Литва президенті – Гитанас Науседа, Латвия президенті – Эдгар Ринкевич және Польша президенті – Анджей Дуда Дубайда өтіп жатқан БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша COP28 конференциясы аясында Александр Лукашенкомен бірге естелік фотоға түсуге бас тартты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Науседаның мәлімдемесінде Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясының басты плацдармы саналатын елдің көшбасшысымен "отбасылық фотосуреттің" бөлігі болу қабылданбайтындығы атап өтілген. Литва басшысы Беларусь режимі әлемдік тәртіпті бұзуға белсенді түрде үлес қосып жатқанына және Украинадағы қайғылы оқиғаларға Ресеймен бірге жауапты екеніне сенімді екенін айтқан.
“Мұндай фотосуреттер “отбасылық фотосуреттер” деп аталады, бірақ Лукашенко біз құруға тырысатын "отбасының" мүшесі емес”, – дейді Науседа.
Айта кетейік, Батыс 2020 жылғы президенттік сайлаудан кейінгі жаппай қуғын-сүргіннен басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылуына байланысты Беларуське қарсы санкциялар салған. 38 мыңнан астам адам қамауға алынып, жүз мыңнан астамы негізсіз қамауға алудан, қатыгездік пен әділетсіз сот процестерінен қорқып, елден кетуге мәжбүр болды. Саяси тұтқындар тізімінде 1447 адам бар.
- Ұлыбританияның королі, премьер-министр мен сыртқы істер министрі Дубайда өтетін саммитке әртүрлі ұшақпен барғаны үшін сынға қалды
- "Сөйлеуге тыйым салған, мылтық кезеген": ХАМАС тұтқынында болған израильдіктер қандай жағдайды бастан өткергендерін айтты
Айта кетейік, Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан кейін Лукашенко өз аумағын ресейлік әскерлердің өтуі және уақытша орналастыруы үшін қамтамасыз етті, ал одан Украина территориясында да зымырандық шабуылдар жасалды. Бұған қоса, оппозициялық беларус саясаткері Павел Латушко атап өткендей, Украинаның оккупацияланған аумақтарынан балаларды Беларуське "сауықтыру" үшін жіберіп жатқаны, негізінен беларусь және ресейлік режимдердің пайдасына үйретілгені туралы мәліметтер пайда болды.
Осы жылдың қыркүйегінде Еуропарламент Лукашенконың Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына қатысуын және Украинаның оккупацияланған аумақтарынан балаларды тартуын айыптады.