Отбасынан көмек сұраған ер адам күтпеген жерден миллионер атанды
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты, Солсбери қаласының тұрғыны отбасы мүшелеріне лотерея ұтысына қатысу үшін сандарды таңдауға мүмкіндік беріп, күтпеген жерден джекпот ұтып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Джонатан Гонсалез (Jonathan Gonzalez) жанармай бекетінде лотерея билетін сатып алуға шешім қабылдаған кезде өзінің әжесінен, атасынан, әкесінен, апасынан және ағасынан көмек сұраған.
"Мен олардың әрқайсысынан 1-ден 69-ға дейінгі сандарды таңдауын өтінді және сол сандарды билетке жаздым", - деді Гонсалез.
Отбасы атаған бес сан ұтыс нәтижесімен сәйкес келді және ер адам миллион доллар жүлдеге ие болды. 18 мамырда Гонсалез өз жүлдесін алды. Ол бұл ақшамен ипотеканы төлеуді және жеңуіне көмек көрсеткен отбасы мүшелеріне көмектесуді жоспарлап отыр.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді