Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасын күштеп үйден қуып шыққан Марат Әйтенов экс-жұбайының үстінен арыз жазды

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың оқиғасына байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Дана Әтешованың Instagram желісінен

Марат Әйтенов бұрынғы әйелін денсаулығына қасақана зиян келтірді деп айыптады.

“А есімді азамат денсаулығына зиян келтіргені үшін бұрынғы әйелінің үстінен шағымданды. Аталған деректерді тексеру үшін қылмыстық іс қозғалды. Оның аясында жарақат пен оның көлемін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ барлық мән-жайды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Дана Әтешова 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның адамдары тәртіп сақшыларымен өзін үйден күштеп қуып шықпақ болғанын айтты. Бұған дейін Әтешова өзінің бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған. Ол – Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы. Сондай-ақ Дана Әтешова президенттен көмек сұраған еді.

Бұған дейін Марат Әйтеновтың 5 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік. Сонымен қатар әлеуметтік желіде Марат Әйтенов пен оның бұрынғы әйелі Дана Әтешованың арасындағы жанжалдың видеосы тараған еді.

Талқылау