AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасымның әр мүшесін сағынып жүрмін": Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты отандасымыздың анасына жазған хатын көрсетті

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай анасына хат жолдаған. Отандасымыздың жолдаған хатын оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбай ҚХР аумағында жазасын өтеп жатқанын айтты.

“Көптен бері Ақжарқынның жағдайы туралы айтпай кетіп едім. Еске сала кетейін, 2014 жылдың 9 наурызында Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда ұсталып, кейіннен Гуанчжоу қаласының сотымен 2019 жылдың желтоқсан айының соңында сотталған болатын. Қазіргі таңда Ақжарқын ҚХР аумағында жазасын өтеп жатыр. Ол отбасымен үнемі қоңырау шалып, хат алмасып отырады. Сауда саттық жасауға мүмкіндігі бар”, – деп жазды ол.

Ол Ақжарқын Тұрлыбайдың қашан елге оралатыны туралы мәселеге қатысты былай дейді.

ҚР-ның сотталған азаматтарын тапсыру 30.09.2015 жылғы Бейжіңде қол қойылған екі жақты шартпен реттеледі.

“Мұндай келесім көп елде жоқ. Бұл факт! Азаматтарды ауыстыру процесі келесідей жүреді. Біріншіден, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту туралы шешімді қайта қарау бұған тікелей ықпал етеді”, – дейді ол.

“Екіншіден, ҚР Бас прокуратурасына ауыстыру туралы қолдаухат жолдау. Бұл қолдаухатты мен 2016 жылдың сәуір айында жасадым. 

Жазаны қайта қарау осы жылы іске асырылуы мүмкін. 2019 жылғы қыркүйекте ҚХР-ға сапары барысында Қ. К. Тоқаев Қытай тарапын гуманизм танытуға және Ақжарқынның Қазақстанға оралуына жәрдемдесуге шақырған еді”, – деп жазды ол.

Адвокат Тұрлыбайдың түрмеден анасына жазған хатын көрсетті. Онда отандасымыз жақындарына оларды қатты сағынғандығын айтады. 

“Сүйікті, анашым! Отбасым жайлы жиі армандайтынымды білесіз ғой. Әсіресе бала кезімде барлығын сағынатынмын. Біздің жүректеріміз бір-бірімен байланысты. Бір-бірімізге сондай жақынбыз. Отбасымыздың әрбір мүшесін сағынып жүрмін, жақсы көремін. Сендерден көбірек хаттар мен фотосуреттер күтемін. Махаббатпен, Ақжарқын”, – деп жазылды хатта. 

Айта кетейік, хат түрме әкімшілігінің талабымен  ағылшын тілінде жазылған. 

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты қызметтеріне ақы алмайтынын, Қытайға да өз есебінен барып келіп жүргенін айтқан болатын. Өзінің мұндай позициясын адвокат отандастарды қолдау маңызды болғаны үшін ұстанатынын жеткізген еді. 

Айта кетейік кетейік, 2014 жылы наурызда Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоу әуежайында ұсталады. Наурыздың 11-де Қытайдан Малайзияға брендті тауар жеткізу керек болған. Тауар иесі бойжеткеннің қызметіне қомақты ақша төлеуге уәде беріпті. Әуежайда ұсталған Ақжарқын Тұрлыбай Қытай мемлекеті тарапынан 4,5 келі синтетикалық есірткі тасымалдады деп айыпталады.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр