Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылыққа қатысты жаза күшейеді - ІІМ

Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылыққа қатысты жаза күшейеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Сенатта "Қылмыстық сот ісін жүргізу, жаза атқару саласындағы адам құқықтары, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қабылданған заң жобасында бірқатар жағдайлар үшін санкцияларды күшейту қарастырылған. 

“Жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру (ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру), оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалана отырып (ҚК 272-бабының 2-бөлігі, құқық бұзушылықтың жаңа құрамы-3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру). Қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық (ҚК 293-бабының 3-бөлігінен 4-бөлігіне, 5-тен 7-жылға дейін бас бостандығынан айыру). Бұл қылмыстық әрекеттердің жоғары қауіптілігімен және сәйкес келмейтін жауапкершіліктің төмендігімен байланысты. Ерекше цинизммен және қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизм, - деді Ішкі істер министрі. 

Сонымен қатар ауыр қылмыс жасаған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі қарастырылмайды. 

“Отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтардың құрамына, атап айтқанда: денсаулыққа ауыр зиян келтіру (ҚК 106-бабы); ауырлығы орташа зиян келтіру (ҚК 107-бабы); "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелді адамға қатысты іс-әрекет жасау" біліктілік белгілері енгізіледі. Бұл қылмыстың ауырлық дәрежесін күшейтеді (107-бап – онша ауыр еместен орташа ауырлыққа, 3 жылға дейін) және санкция артады. 106-бапқа сәйкес қазір 3 жылдан 8 жылға дейін, кейін 6 жылдан10 жылға дейін бас бостандығынан айырады”, - деді Марат Ахметжанов. 

Талқылау