Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасылардағы жұқтыру 9 пайызға төмендеген": Бекшин өзін сынаған дәрігерлерге жауап берді

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавируспен ауыратын науқастарды аурауханаға жатқызудың пайдасы жоқ әрі қауіпті екенін айтқан дәрігерлердің сынына жауап берді.

 Оның айтуынша, инфекция тізбегін үзу үшін эпидемиялық процестің үш буыны қолданылады.

Олар:

  • инфекция шығу көзіне (ауру адам, вирус тасымалдаушы);
  • берілу жолында (коронавирус кезіндегі ауа тамшылары мен тұрмыстық заттар: қорғаныс құралдары мен әлеуметтік қашықтық, тығыздық қолданылады);
  • сезімтал ағзаға, яғни иммунитеті жоқ байланыс адамдарына.

"Вакцинаның болмауына байланысты біз әлі сезімтал ағзаға әсер ете алмаймыз. Берілу жолына әсер ету қажетті нәтиже бермейді, өйткені халық енгізілген шектеулерді үнемі бұзады және қорғаныс құралдарын қолдануды сақтамайды. Бұл эпидемиологиялық тергеу нәтижелері бойынша расталды", - деді Бекшин.

Айтуынша ең көп жұқтыратын орындар:

  • отбасыларда, инфекция 35 пайызға дейін;
  • қоғамдық орындар - 40 пайыз;
  • қоғамдық көлік - 20 пайыз.

"Осыны ескере отырып, біз инфекция көздерін, ең болмағанда, клиникалық белгілері бар, сондай-ақ, зертханалық зерттеулер кезінде анықталған байланыста болған және Алматы зертханасында жүгінген науқастарды оқшаулау шешімін қабылдадық", - деді Жандарбек Бекшин.

Ол соңғы қаулы қабылданғанға дейін санитарлар мен дәрігерлер сынақ жүргізгенін атап өтті. 25 желтоқсаннан бастап олар екі-үш апта ішінде коронавирустың симптомсыз және жеңіл түрлері анықталған науқастардың 30-35 пайызын карантиндік стационарға жеткізді. Бекшин бұл жағдайда отбасылардағы инфекция тоғыз пайызға төмендегенін айтты.


Алматыда блок-бекеттер орнатыла ма? Жандарбек Бекшин жауап берді 


"Әсері бар екені көрініп тұр. Сонымен қатар, Қытайдағы вирус індетімен күресудің салыстырмалы тәжірибесін ескеру қажет. Мұнда барлық нысандардағы коронавируспен ауыратын науқастарды 100 пайыз міндетті түрде ауруханаға жатқызу қолданылады. Ауруханаға жатқызу міндетті емес Еуропада және АҚШ-та эпидемиологиялық жағдай белгілі", - деп қосты ол.

Алматының бас санитарлық дәрігері 220 оқушы коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Оның 193-і (88 пайызы) онлайн оқыған. Бекшин бұл балалардың "күні бойы үйде отырғанын және отбасының ересек мүшелерімен байланыста болғанын" атап өтті. Ал қалған 27 бала (12 пайызы) негізгі күндізгі уақытын мектепте өткізіп, офлайн режимде оқыды.


Қаңтар айының болжамы негізсіз: Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты 


"Эпидемиологиялық зерттеулер балалардың үй карантинінде қалған ересек отбасы мүшелерінен жұқтырғаны анықталды. Коронавирустық инфекцияның симптомсыз және жеңіл түрлерімен ауыратын науқастардың қауіптілігі - олар ауруды аяқтарына алып жүреді, қоғамдық орындарға барады, қоғамдық көліктерге отырады және басқаларды жұқтырады. Бұл ретте олар әлеуметтік қашықтықты да, бетперде режимін де сақтамайды", - деді Жандарбек Бекшин.

Талқылау