Отбасы банк "Ұмай" әйелдер ипотекасын қашан іске қосады

“Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Үкіметтегі брифингте әйелдерге арналған “Ұмай” ипотекалық бағдарламасын биыл шілде-тамыз айларында іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның сөзінше, жоспар бойынша бағдарламаның жалпы көлемі 90 миллиард теңге, оның 50% “Жасыл” ипотекаға, ал 50% “Ұмай” ипотекасына бағытталады.
“Біз “Ұмай” әйелдер ипотекасы бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Азия даму банкімен меморандумға қол қойдық. Қазір барлық ресми құжаттарды рәсімдеп жатырмыз”, – деді Ләззат Ибрагимова.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Азия даму банкі Қазақстан қор биржасында теңгемен облигациялар орналастыруды жоспарлап отыр.
“Егер мөлшерлеме 16% болса, біз несиені 17% мөлшерлемемен береміз. Қазір күтіп отырмыз. Егер биржада бұл мөлшерлеме 12-13% деңгейіне дейін төмендесе, бағдарламаны шілде-тамыз айларында іске қосуды жоспарлап отырмыз”, – деп қосты банк басшысы.
Наурыз айынан бастап Қазақстанда кезекте тұрғандарға тұрғын үй бөлу тәртібі өзгереді
Жеңілдетілген ипотекалар: Өтініштер қашан қабылданатыны белгілі болды
Айта кетейік, “Ұмай” бағдарламасы 2021 жылы іске қосылып, 2023 жылға дейін жұмыс істеді, кейін тоқтатылды. Бастама Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылады. Бұған дейін бағдарламаны 2025 жылдың басында жаңартылған шарттармен қайта іске қосу жоспарланған, алайда іске қосу мерзімі кейінге шегерілді.
Бұған дейін жарияланған талаптарға сәйкес, бағдарламаға қатысу үшін несие сомасының 20% дейінгі бастапқы жарна “Отбасы банктегі” депозитте болуға тиіс.
Еске салайық, бұған дейін “Ұмай” әйелдер ипотекасы қайта іске қосылатыны хабарланған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік