Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отардағы жауынгерлік парад: Әскерилер толық дайындықтарын көрсетті (видео)

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасында жауынгерлік парад өтті. Парадқа Елбасы, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Отардағы жауынгерлік парад: Әскерилер толық дайындықтарын көрсетті (видео)

«Отар» әскери базасында өткізілген жауынгерлік парад 5 тактикалық эпизодтан құралған.

Алғашқы эпизод барысында жау нысандарын барлау кезінде табу машықтары көрсетілды.

Мұнан кейін әуе артиллериясы оларды ракеталық соққылармен жоюға тырысып, екінші эпизодты бастап кетті. Екінші эпизод кезінде Т-72 танкілері, БМП-2 әскери көліктері, БТР-82А бронетранспортерлері, «Терминатор» БМПТ  көліктері мен мотоқару топтары қарулы жауға шабуыл жасады.

Аэроұтқыр десант әскерилерінің әуедегі жойқын шабуылы үшінші эпизод барысында көрініс тапты. Сонымен қатар әскери десантшылар үш тәсілмен жерге қонып, жұртты тәнті етті.

Парадтың төртінші эпизодында әскерилер елді мекен ішінде жау әскеріне қалай тойтарыс беретінін көрсетті. Бұл эпизодта «Василек» 82 мм автоматтық минометтері, КамАз көліктеріне орнатылған зениттік ЗУ-23-2 қондырғылары, сондай-ақ, арнайы жасақ ұландары Toyota Pick UP көліктерінде орнатылған пулеметтерін жауға қарсы қолданды.

Ал соңғы эпизод барысында көпшілік жаудың заңсыз нысандары қалай жойылатынын, С-295 ұшағынан парашютистердің түсуін тамашалады.

Жауынгерлік парад бір сағаттан аса уақытқа созылды.

Оқи отырыңыз:

Президенттің телерадио кешені Қазақстан әскерінің қуаттылығын көрсетті (видео)

Ақтау полициясы балаларға оқ атқан ер адамға қатысты пікір білдірді

Мамырда жауған қар: Алматы облысында құтқарушылар жолда қалған 60 қытайлықты құтқарды (фото)

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Талқылау