Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық әншілер Ninety one тобы үшін “Жыл таңдауы” бәйгесіне қатысудан бас тартты

Атышулы Ninety one тобына қатысты тағы да дау туды. Елімізге белгілі әншілер 91 тобы үшін “Жыл таңдауы” музыкалық бәйгесіне қатысудан бас тартты. Олар түр-тұлғасы өзгеше жігіттермен бір сахнада тұрғысы келмеген.

Бұл туралы музыкалық кешті ұйымдастырушы продюсер Жан Мұқанов MuzZone арнасына айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бұл – үлкен фестиваль. Баса мән берілетін нәрсе, яғни ең маңыздысы – ән. Ел арасында танылып кеткен хит әндерді әншілер жанды дауыста орындайтын болады. Үш ерекше қонағымыз келе жатыр, Түркия, Армения, Ресей елдерінен. Үлкен беделі бар әншілер. Он бірдей жүргізушіміз бар”, – деген продюсер кей әншілердің аталған кешке қатыспайтынын айтып қалды. Айтуынша, елімізге танымал өнер иелері 91 тобымен бір сахнада тұрғысы келмеген.

“Осы әншілер қатысады екен деп бас тартқан әртістер бар. Әйгілі әншілер. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Шашын бояп, сырға тақты деп айыптайды. Қазақпыз, ол дұрыс. Жігіттеріміз жігіт, әйел адам әйел болсын, ол дұрыс. Бірақ бұл жерде барлығы әртіс, ал ол бар болғаны сахналық образ. Ол жастарға ұнап жатыр. Біз олардың жолын жапқан сайын, жастар одан сайын көре береді”, – дейді продюсер.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова құралайды көзге атқан мерген атанды (видео)

Ерке: Желіде Ерке, теледидарда Ерке, тойда мен халық жалығып кетеді ме деп қорқам

Асылхан “қайырымдылықты мақтанды” деп сынағандарға жауап берді

Бағым Мұхитденова: Кезінде Еркені бірде-бір телеарна шығарғысы келмеген

Талқылау