Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ота жасау үшін тағы 5 миллион теңге қажет": Өскемендік баланың ата-анасы қазақстандықтардан көмек сұрайды

Өскемендік Андрей Якушев сирек кзедесетін генетикалық ауру – Вискотт-Олдрич синдромына шалдыққан. Қазір баланың шұғыл арада жілік майын ауыстыру керек. Андрейдің иммунитеті мүлде жоқ деуге болады, ал қанның дұрыс ұйымауы жағдайды тек нашарлатады екен. Баланың еміне қажет қаражатты отбасы қалтамыз көтермейді дейді. Сондықтан олар қазақстандықтардан көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ота

Андрей бір көргенде белсенді балаға ұқсайды. Алайда денесіндегі көгерген іздер мен экзема артында сирек генетикалық ауру жасырынған. Дәрігерлер ұзақ уақыт диагноз қоя алмаған. Кейін сараптама нәтижесі Андрейдің Вискотт-Олдрич синдромына шалдыққанын көрсеткен. Балада иммунитет мүлде жоқ. 

"Тромбоцитопения" деген диагноз қойылды, бірақ бұл біздің негізгі диагнозымыз емес. Вискот-Олдрич синдромы салдарынан туындаған екінші деңгейлі ауру деуге болады. Қан құрамында тромбоцит мөлшері өте аз. Мұның салдарынан ішке қан кетуі мүмкін", – дейді анасы Ольга Якушева. 

Аталмыш дертке шалдыққан адамдар қан кетуді тоқтатпау салдарынан мерт болуы мүмкін. Бала жиі ауырады екен. Кез келген инфекция иммунитеті жоқ балаға ауыр соғуы мүмкін. Сондықтан суық күндері далаға шықпай, тек терезеден ғана бақылауға мәжбүр. Андрейге күрделі ота жасап, жілік майын ауыстыру керек. Себебі басқа ем балаға көмектесе алмайды. 

"Науқас емхана және медициналық ұйым тарапынан клинико-диагностикалық зерттеулермен, қосымша терапиямен қамтамасыз етілген. Қазір шұғыл түрде ота жасау керек. Гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тек шетелде ғана алмастырады", –  деді Өскемен №1 емханасының бас дәрігері Айман Мырамытова. 

Отаға қажетті қаржыны отбасы қалтамыз көтермейді дейді. 

"Қазір 113 миллион теңге жиналды. Енді 5 миллион теңге жиналса, шетелге барып емделе аламыз. Қалған соманы жинауға көмектесулеріңізді сұраймын", – деді Ольга Якушева. 

Андрейдің жақындары мейірімді жандар көмектесіп, баланың толық емделіп шығатынына сенеді. 

8777 280 43 43 – байланыс нөмірі.

Реквизиттер 

Kaspi Gold 

4400 4301 2516 3904

Якушева Ольга Викторовна (анасы)

+7 777 280 43 43

Сбербанк Қазақстан

4578 320 0790 8680 

Якушева Ольга Викторовна (анасы)

Талқылау