Өскемендегі егін алқабы өлекселерге толып қалды
Өскемен маңындағы егін алқабы өлексе тастайтын орынға айналды. Тұрғындар алқаптан шыққан жағымсыз иіске шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Жұрт полигонға өлген төрт-түлік пен ит-мысықты осында әкеліп тастауды әдетке айналдырған.
Глубокое ауданындағы полигон тек күл-қоқыс төгуге арналған. Алайда төрт түлік пен ит, мысық өлексесінен бұл маңда аяқ алып жүре алмайсың. Күн жылығанда төңіректі жайлаған сасық иіс қолқаны қабады.
Жауаптылар бұған Өскемен тұрғындарын кінәлап отыр. Өйткені олар шаһарға жақын орналасқан полигонға өлген жануарын түн жамылып әкеліп тастайды дейді.
“Полигон қалаға жақын. Түнде, кешқұрым көлігімен келіп қоқыс тастап кетеді. Қазір техника жібердік. Бәрін тазалап алып жатырмыз”, – деп түсіндірді Тархан ауылы округінің әкімі Марат Садырбаев.
Талқылау

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін

"Жалғыз өзі шетелге барып келген қызға жоламаңдар": Әлеуметтік желідегі пікірлер қазақстандық арулардың наразылығын тудырды
Жігіттер: "Ол жақта не істеп келгендерін өздерінен басқа ешкім білмейді"