Өскеменде тұрғын үй өртеніп, ондаған адам эвакуацияланды

Өскеменде 10 мамырға қараған түні тұрғын үйдің 5-қабатынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Г. Потанин көшесі бойында орналасқан тоғыз қабатты үйлердің бірінің 5-қабатындағы пәтерден шыққан.
“Қатты түтіннің салдарынан 20 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Сондай-ақ 14 адам құтқарылды, оның жартысы балалар” – делінген хабарламада.
Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Көмірқышқыл газынан уланған пәтер иесі Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел медициналық жәрдем орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызылды.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында отбасы марапатталған жасөспірімнің өрт кезінде өздеріне көмектеспегенін айтқаны туралы жазған едік.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі