Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қызметкер мектепте көз жұмды

Өскемендегі №25 мектепте еден жуушы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Altaynews.kz басылымына сілтеме жасап. 

мектеп

Қайғылы оқиға 15 қыркүйекте болған. Бастапқыда суицид салдарынан көз жұмғаны айтылған. Себебі куәгерлердің сөзінше, әйел мен директордың орынбасары арасында жанжал туындап, еден жуушы дәрі қабылдаған. Кейін жағдайы нашарлап, директордың орынбасарының кабинетінің жанында көз жұмды деген. 

Өз-өзіне қол салу нұсқасын полиция да растаған. 

"Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.

Кейін оқиғаның жаңа деректері белгілі болды. Анықталғандай, мектеп қызметкерінде гипертония болған және жүрегі ауырған. Полиция қозғалған қылмыстық істі қайта өзгертті. Ал өзге деректер тергеу мүддесіне қарай жария етілмейді. 

Талқылау