Өскемен қаласының әкімі науқас әкесін қарау үшін отставкаға кетуге өтініш берді
Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев отставкаға кетуге өтініш берді.

Ол бұл лауазымдағы қызметін 2016 жылғы сәуірде бастады. Одан бұрын облыс әкімі аппаратының басшысы болды.
Қала әкімінің аппараты ақпаратты растады. Аймұқашев қызметтен отбасылық жағдайына байланысты кетуде – қарт әкесі науқастанып, ұлы жанында болғысы келген.
Белгілі болғандай, Ерлан Аймұқашевтің қызметінен кетуі ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен келісілді, қазір Астанада қала басшысының орнына адам тағайындау мәселесі қаралуда.
Әзірге оның міндетін орынбасары Арман Ысқақов уақытша атқаруда.
Тағы да оқыңыз:
32 рет химиялық ем алған тараздық бүлдіршін халықтың қолдауына зәру
Адамның даусы арқылы мінезін білуге болады
Ақтөбеде лаңкестік кезінде дәретханаға тығылған әскерилердің бірі рақымшылыққа ілікті
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті
Қазақстанда сергек жүргізушілерді полициямен келісіп әрекет етті деп айыптады: Бұл схема қалай жұмыс істейді
Сергек жүргізуші алыста тұрғанын айтып, мас қызға рөлге отырып, сәл жақындауын өтінген