Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оскар сыйлығын үш рет жеңіп алған актер енді киноға түспейтін болды

Британиялық танымал актер Дэниел Дэй-Льюис енді картиналарға түспеуге шешім қабылдапты.

Безымянный

Бұл туралы Variety хабарлайды.

“Ең үздік ер актер” ретінде үш мәрте Оскар сыйлығын қанжығасына байлаған актер (1990, 2008, 2013) осылайша кәсіби мансабын аяқтайды.

Дэниел Дэй-Льюис “өзіне әркез қолдау білдірген әріптестері мен көрермендерге алғысы шексіз” екенін жариялапты. Кино жұлдызының не себепті кинодағы жолын доғарғаны ресми айтылмаған.

60 жастағы актер “Менің сол аяғым” (1989), “Линкольн” (2012) және “Мұнай” (2007) фильмдері үшін көпшілік ықыласына бөленіп, Оскар сыйлығын еншілеген. Ол оңаша өмір салтын ұстанып, сұхбат бермейді, көпшілік алдына жиі шықпайды.

Оқи отырыңыз:

Лондонда жүздеген адам Рамазан айының арқасында аман қалды

Лондондағы алапат өрт кезінде 10-қабаттан құлаған сәби аман қалды

Жылан шағып алған ер адам бірге өлу үшін әйелінің қолын тістелеп уды жұқтырмақ болған

Қадір түнінің құрметіне 1000 тұтқынға рақымшылық жасалып түрмеден босатылды

Талқылау