Орыстар мен қазақтар бірге болуы керек – Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтар мен орыстардың менталитеті ұқсас екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің менталитетіміз, өмір сүру салтымыз ұқсас және мұны есте ұстау керек", - деді ол"Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Сонымен бірге ол Сталиннің еуразиялықтар туралы әйгілі сөзін тағы да еске түсіріп, оның жанкүйері емес екенін баса айтты.
"Мен орыстар мен қазақтар бірге болуы керек деп санаймын. Жақында Бішкектегі экономикалық форумда сөз сөйледім. Сол кезде біз еуразиялықтар екенімізді және бірге болуымыз керек екенін мәлімдедім. Расымен, содан кейін мені осы саясаткердің жанкүйері деп айыптады. Мен оның жанкүйері емеспін. Ақырында біз Еуразияда орналасқаннан кейін бірге болуға тиіспіз. Бұған менің сенімім мол. Одан біз ұтылмаймыз. Керісінше бәрін жеңеміз", - деді президент.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды