"Орыс тілі - көршімнің тілі": Нұрлан Байжігітұлы жеті тілді еркін меңгергенін айтты
Көпшілікке жақсы таныс Нұрлан Байжігітұлының желіде оқырмандарына бірнеше тілде жауап береді. Tukystan.kz сайтына берген сұхбатында дінтанушы ана тілімен қоса алты тілді меңгергенін жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Халқымыздың "Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім ілесің" деген дана сөзімен, "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген ұлағатымен, "Мұсылман адам жеті тілді білу керек" деген өсиетпен өскен өз заманымыздың өреніміз. Ана тілім басқа тілдерден жоғары тұрады. Бұл – менің ұлтшылдығым емес, ұлтжандылығым.
Әр қазақ – жалғызым, бауырым. Мейлі ол жаман болса да. Мен білетін қырғыз, өзбек, әзербайжан, түрік тілдеріне таңданудың қажеті жоқ. Бұл тілдерді білу әр қазаққа жарасады, өйткені біз түркі тілдес халықпыз. Араб тілі – Құран тілі, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың тілі. Орыс тілі – көршімнің тілі. Тіл – қарым-қатынас құралы. Әр халыққа осы арқылы жол таба білу өзіндік амал-тәсілім деген дұрыс шығар”, – дейді Нұрлан имам.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?