Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орамалың құтты болсын": Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның жаңалығын жариялады

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның өміріндегі өзгерісті жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/botakerim/

Өнер иесі жеке парақшасына жазба жариялап, құрбысын құттықтады. 

“Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, Ақбота өнер иесінің ұлының үйленгенін де айтып қойған еді.

“Жақында отбасында жақсы жаңалық болды. Ұлы үйленіп, келін әкелді. Бірақ халыққа жариялаған жоқ. Өйткені Айгүлдің әкесі о дүниелік болған күнімен тұспа-тұс келді. Сондықтан әзірге халық білмейді. Оқуын аяқтап келгеннен кейін үлкен той жасауға ниетті. Біздің қызметте жүретініміз анық. Айгүл – менің екінші ұлым Ақанның өкіл шешесі. Екеуміздің аналарымыз да жақын құрбы. Сол кісілердің сыйластығы Айгүл екеумізді құрбы етті”, – деген еді өнер қайраткері.   

 

Талқылау