Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орамалдағы қыз көнер": Жахан Отарғалиев үшінші рет шаңырақ көтерді (видео)

Әнші Балжан Бидашпен ажырасқанына бір жылдан астам уақыт болған әзілкеш Жахан Отарғалиев үшінші рет неке қиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram.com/zhahan_utargaliyev

Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында белгісіз арумен мешітте неке қию рәсімінде түскен видеосын жариялады. Осылайша жеке өміріне байланысты сүйінші жаңалықты бөлісті.

“Бұл – жаңа өмірдің бастамасы. Шынайы құттықтауларыңызға көп рахмет, мен сіздерді қатты жақсы көремін, жанашыр жандар”, – деп жазды әзілкештің өзі.

Желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, ақ жарма тілегін арнап жатыр. Арасында “бұрынғы әйелінің өмірін құртпай, әу бастан орамалдағы қызды таңдауың кере еді” деп сөккендер де табылды. 

“Өзіне ыңғайлы қызды тапты-ау. Көнсе, орамалдағы қыз көнер”, “Үйде отыратын, сахнаға шықпайтын өз теңінді тауыпсың. Басында солай істеуің керек еді, Балжанның тағдырын құртпай”, “Бұған үйлену сән ғой”, “Түсінбедім, еркектер қалай тез үйленіп кете салады?”, “Хайырлы берекелі неке болғай”, “Бақытты болыңыздар”, “Алла бақтарыңызды еселесін. Шын жүректен құттықтаймын. Қатты қуанып тұрмын”, “Бақытты болындаршы. Тіл көз тимей үлгілі отбасы болыңдар”, – деп жазды желі қолданушылары.

 

Талқылау