"Орамал таққанның бәріне сенуге болмайды": Қазақстандық әйел 13 миллион теңгеге қалай алданғанын айтып берді
Ақтаулық Айтолқын Мәжитқызы кәсібін үлкейткісі келіп, кеңсе сатып алған. Алайда тұрғын “орамалдағы” әйелге алданып, 13 миллион теңгені өзі апарып берген. Алданған азаматша әйелдің дін жолында жүргеніне сеніп, сатып алуға келіскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
"Орамал таққанның бәріне сенуге болмайды"
Ақтаулық әйел жарнаманы Krisha.kz сайтынан көрген. Кәсіпкер қанша арыздансанда, әйел әдепкі қылығын жалғастырып, платформаға қайта салған.
"Қазір қалған ақшамызды ала алмай отырмыз. Күйеуі ақша қайтарудың орнына бізді балағаттады. Әйел орамал тағып, намаз оқығаннан кейін сенім білдірген едік. Іші-бауырымызға қалай кіріп алғанын байқамай қалдық. Орамал таққанның бәріне сенуге болмайтынын түсіндік. Ақша алған соң әйел басқа мінез көрсете бастады. Нотариусқа барғанда да қуанып шыға алмадым. Содан кейін алаяқ ерлі-зайыпты "келісімшартта 3 миллион теңге деп көрсетеміз қол қойыңыз, әйтпесе салық көп төлеймін" деді. Содан кейін "Бұл сенің мәселең. Құдайдан қорықпайсыңдар ма?" деп айттым", – деді Айтолқын Мәжитқызы.
Алаяқ кәсіпкер Айтолқын Мәжитқызына ақшасын толық қайтармаған. 21 қаңтар күні жағдай ушыққаннан кейін ғана қайтарып берген. Алайда орамалдағы әйел оған әлі 1 миллион теңге берешек.
“12 миллион теңгені қайтарып алғанымызға қуанып отырмыз. Қалған соманы бөліп қайтарымын деп айтты. Кәсіпті кеңейту үшін басқа кеңсе іздедік. Артынша әйел бізге сол жерді көрсетіп, нотариусқа қол қоюға барамыз. Сөйтіп әйелдің көршілері оның құрылыс салушылармен кикілжіңге келіп, қазір өзара сот болып жатқанын айтты. Осылайша, енді кіріп, бастайын деген кезде тұрғындар "бұл жерге кірмеңіздер, былық болып жатыр" деп ескертті. Сот жүріп жатса да, анау әйел екі ортада мені алдып, сатып жіберген”, – деді Айтолқын Мәжитқызы.
Кәсіпкердің айтуынша, 3 миллион қойманың бағасы болып шыққан. Желі қолданушылары да өздерін намаз оқитын жігіт алдап кеткенін жазды.
“Мені де 14 миллион теңгеге алдап кетті, намаз оқитын жігіт еді. Қазір ешкімге сенуге болмайды”, “Бізде оранған хиджабтағы әйелге 4 миллион теңге бердік. Күйеуі “қайда барсаңдар да, ешкім көмектеспейді” деп шығарып салған”, “Мені үш рет “машалла деп жүріп”, хиджап кигендер алдаған. Содан кейін жоламайтын да, сенбейтін де болдым. Бәрі бірдей”, “Мені хиджаб киген әйел алдап кеткен. Айтса, ренжисіңдер…”, – деп оқырмандар оқиғасын бөлісті.
@tovar_bastau Абай болыңыз барынша репост жасаңыз! Алдап сатып кетеді. #алдану ♬ оригинальный звук - tovar_bastau
"Алаяқтар барған сайын арсызданып барады"
Ал Айгүл есімді әйелдің жағдайы мүлдем басқаша. Әйелге әлдекімдер хабарласып, оның шотынан ақша түсті деп айтқан. Артынша бірнеше банктің шотынан операция жүргізіп, ақша шешіп алуға тырысқан.
"Маған бейтаныс бір қыз қоңырау шалып, "Алло, бұл Айгүл ме?" деді. "Иә, сәлеметсіз бе?!" деп жауап бердім. Сол сәтте қоңырау үзіліп, "Сіздің қоңырауыңыз жазылды" деген хабарлама шықты. Бірден бірнеше төрт таңбалы коды бар хабарламалар келе бастады. Онда Jusan Shop, ForteBank, несие және басқа да төлемдер келген. Сөйтіп алаяқтар атымнан қандай да бір операция жүргізуге тырысты", – деді Айгүл.
Айгүл хабарламалардан шошып кетіп, бәрін дереу өшірген. Кейін әйелге белгісіз ер адам қоңырау шалған.
"Сәлеметсіз бе?! Сізге Халық банкінен Владислав хабарласып тұр. Сіз қазір басқа біреудің атына 3 миллион теңге аударайын деп жатырсыз" деді. Таңғалып, "Жоқ, ондай ешнәрсе жасаған жоқпын" деп жауап бердім. Ол менің қазақша жауап бергенімді естіп, "қазақша сөйлейтін операторлар бос емес" деді. Артынша "Қазақша сөйлеп тұрған аузынды жап" деп бейәдеп сөйледі. Алаяқтар барған сайын арсызданып барады. Қоңырауға "Алло" деп жауап бердіңіз бе, болды. Әрі қарай не болатынын білмейсіз. Мүмкін, қазір ешкім көмектеспейтіндей жағдайға жеттік. Менде несие алуға тыйым салынғанына қарамастан, алаяқтар бәрібір eGov арқылы қоңырау шалып жатыр. Қысқасы, "иә" деп жауап беруге болмайды!" – деді Айгүл.
@aigulencia
♬ оригинальный звук - Aigul_Hanym