Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жаттығу залы мен кинотеатры бар мәйітхана салынбақ

Оралда жаңа мәйітхана құрылысын салуға тендер жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

БҚО құрылыс басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында жаңа мәйітхана құрылысы туралы хабарландыру жариялады.

Жоба бойынша ғимарат екі қабаттан тұрады. Оның ауданы 3,5 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 80 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Бюроның жеке зертханасы, биоматериалды зерттеу орны, қайтыс болғандарды еске алу шараларын өткізуге арналған салтанат залы және жүк лифті болады.



Мәйітхана құрылысында қызметкерлердің демалу бөлмесі, қазақ тілі мұғаліміне арналған кабинет, фитнес бөлмелері қарастырылған. 

Демалыс бөлмесінде тоңазытқыш, микротолқынды пеш және кофе машинасы болады. Психологиялық көмек бөлмесінде музыкалық орталық, үй кинотеатры және дивандар болуы керек.

Тендерді "Альтаир" ЖШС жеңіп алды. Жобаның құны – 1,2 миллиард теңге, құрылыс мерзімі – 11 ай.

Талқылау