Оралда жасөспірім қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер азамат ұсталды
Батыс Қазақстан облысында көшеде 15 жастағы қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

15 жастағы қыздың анасы әлеуметтік желілерде ер адамның қара "Приорадан" түсіп, қызына жақындап, "Ескі собор" аялдамасында тұрған кезде жыныс мүшесін көрсеткенін жазды. Оның айтуынша, оқиға 16 қыркүйек күні таңертең болған. Қыз бала көлік нөмерін есте сақтай алды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына кірісіп, тез арада құқық бұзушыны анықтаған. Ол 35 жастағы ер адам болып шықты және әрекетін мойындады. Полиция ұсталған адамның әрекетін “бұзақылық” деп атады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”