Оралда түнде болған жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды
Оралда Toyota Camry көлігі Ауди-80 автокөлігіне соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry Ауди-80 автокөлігіне соқтығысты. Жол апаты салдарынан 33 жастағы Audi жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
28 жастағы Toyota жүргізушісі мен оның 20 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды