Оралда Республика күніне орай "Жастар жалыны" студенттер спартакиадасы басталды
25 қазан күні Республика күніне орай Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Орал студенттер альянсы" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен "ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ" студенттер спартакиадасы өтеді.

Спартакиадада волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ пен арқан тартыс, қол күресі, асық ату және дәстүрлі садақ ату сияқты спорт түрлерінен жарыс өтеді.

Ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Шөкеева Гүлжанар Болатқызы сөз сөйлеп, жарысқа қатысатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан құрылған 16 командаға сәттілік тіледі. Ол Қазақстан Республикасы күні қарсаңында өткізіліп жатырған жобаларға қолдау көрсеткендері үшін оқу орындарының басшыларына алғыс білдірді.

"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған