Оралда Республика күніне орай тұрғындарға жалауша мен отандық шоколад сыйға тартылуда
Жергілікті жастар ерекше акция арқылы жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.

Еріктілер қала орталығындағы ірі сауда орнында болып, тұтынушылар мен сатушыларға сыйлық таратты. Жайық жұртшылығы жастардың бастамасына риза болып, жылы лебізін білдірді.
"Рахмет! Жарайсыздар!", "Аман болайық, бір болайық бәріміз! Мейрам құтты болсын!", "Аспанымыз ашық болсын!", "Елде тек бейбітшілік болып, өркендей берейік!" десті тұрғындар.
"Тұрғындардың реакциясын көзбен көрдік. Бәрі жылы қабылдап, елдің амандығын тілесті. Барша жұртшылықты мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз!", – дейді еріктілер.
Мұндай акция облыс орталығында ғана емес, аудандарында да жалғасын тауып жатыр. Әр саладағы жастар мазмұнды шараға үлес қосып, қолдау көрсеткен. Еріктілер мейрам қарсаңында өзге де патриоттық акцияларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік